Ауғанстанның шығысындағы Пактия уәлаятында жасалған әуе соққысы нәтижесінде кемінде "Талибан" қозғалысының 10 қарулы бүлікшісі қаза тауып, екеуі жараланған. Бұл туралы жексенбі күні ауғанстандық ресмилер мәлімдеген.
Губернатор Залмай Висаның айтуынша, әуе соққысы сенбі күні "Талибан" содырлары Нараи Кандау елді мекеніндегі үйге жиналған кезде берілген. Виса шабуыл кезінде бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ дейді.
Ауғанстанның Пәкістанмен шекаралас Пактия уәлаяты "Талибанның" ықпалы күшті тұрақсыз аймақ саналады.