Accessibility links

Германия әскери қарызы жайлы Трамптың сөзін жоққа шығарды


Германия қорғаныс министрі Урсула фон дер Лейен.
Германия қорғаныс министрі Урсула фон дер Лейен.

Германия қорғаныс министрі Урсула фон дер Лейен АҚШ президенті Дональд Трамптың Германия АҚШ пен НАТО-ға қорғаныс саласына жұмсаған жәрдемі үшін «көп ақша қарыз» деген сөзін жоққа шығарды.

«НАТО-ға қарызымыз жоқ» деп мәлімдеген фон дер Лейен аталмыш саяси-әскери одақтың мақсатын анықтағанда оған мүше елдер 2024 жылға қарай қорғаныс саласына жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) екі пайызын тек НАТО-ның қажетіне ғана жұмсасын деп айту дұрыс емес деген пікір білдірген.

Оның сөзінше, қорғаныс саласына арналған шығыс қаржы БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы мен еуропалық миссияларға, сонымен бірге «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен күреске үлес қосуға да жұмсалады. Германия қорғаныс министрі ауыртпашылықтың әділетті болғанын барлығы қалайтынын, ал ол үшін құрамы қазіргі НАТО, сонымен бірге еуропалық қорғаныс одағы мен БҰҰ-ға инвестицияны біріктіретін «қазіргі заманғы қауіпсіздік тұжырымдамасы» болуы керек еді дейді.

Вашингтонда Германия канцлері Ангела Меркельмен кездескеннен кейін Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парағына «Германия өзіне мықты және аса қымбат қорғанысты қамтамасыз еткен НАТО мен АҚШ-қа аса көп ақша қарыз және көбірек қаржы төлегені жөн» деп жазған. Трамп Германия мен НАТО-ның өзге де мүшелерін осы ұйымның қорғаныс саласына жұмсайтын қаржы көлемін ұлғайтуға шақырған.

Германия қаржы министрі Вольфганг Шойбленің хабарлауынша, 2018 жылы Германияның қорғанысқа жұмсайтын қаржы көлемі 1,4 миллиард еуроға ұлғайып, 38,5 миллиард еуроға жеткізілмек. Болжам бойынша бұл ЖІӨ-нің 1,26 пайызы деңгейіндегі көрсеткіш. 2016 жылы Германия қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 1,18 пайызы мөлшерінде қаржы жұмсаған.

XS
SM
MD
LG