Accessibility links

Forbes: Қазақстан миллиардерлерінің төртеуінің байлығы өскен


Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы Болат Өтемұратов. Алматы, 8 сәуір 2016 жыл.
Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы Болат Өтемұратов. Алматы, 8 сәуір 2016 жыл.

Forbes журналы жариялаған 2017 жылы әлемдегі миллиардерлер тізіміне былтыр да аты-жөні аталған қазақстандық бес миллиардер тағы енген. Олардың біреуінен өзгесінің байлығы жыл ішінде өсе түскен деп жазады басылым.

Өткен жылғы тізімде 771-орында болған Болат Өтемұратов биыл 896-орынға сырғыса да былтырғы байлығы - 2,3 миллард долларды жоғалтпаған . Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы ерлі-зайыпты Динара және Тимур Құлыбаевтардың әрбірінің дәулеті жыл ішінде 100 миллион долларға көбейсе, Владимир Ким 600 миллион долларға байыған. Үшеуі 2,1 миллиард доллардың иесі ретінде 973-орынды бөлісіп тұр.

Биылғы Forbes рейтингісінде 1098-орынға жайғасқан Алиджан Ибрагимовтың табысы соңғы бір жыл ішінде 300 миллион долларға артып, 1,9 миллиард долларға жеткен.

Әлем бойынша ең бай адам – Microsoft корпорациясының негізін қалаған Билл Гейтстің дәулеті биыл 86 миллиард долларға бағаланған. Екінші орындағы америкалық инвестор Уоррен Баффеттің байлығы 75,6 миллиард доллар деп көрсетілген. Ал үшінші орында тұрғын Amazon.com интернет-дүкенінің негізін қалаушы Джефф Безоның қаржы-мүлкі 72,8 миллиард доллар деп жазады Forbes басылымы.

XS
SM
MD
LG