Accessibility links

Қырымда Азаттық журналисінің соты сәуірдің 3-іне шегерілді


Қырым журналисі Николай Семена. Симферополь, 20 наурыз 2017 жыл.
Қырым журналисі Николай Семена. Симферополь, 20 наурыз 2017 жыл.

Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіндегі Симферополь қаласының Железнодорожный аудардық соты ресейлік билік орындары «сепаратизмге шақырды» деп айыптаған жергілікті журналист Николай Семенаның ісі бойынша сот тыңдауын сәуірдің 3-іне қалдырды. Бұл туралы Азаттықтың Украин қызметінің «Крым.Реалии» жобасы хабарлады. Николай Семена осы жобаның авторларының бірі.

Дүйсенбі күні сотта Семенаның қорғаушысы Александр Попков сот процесінің ашық өтуін және оған көпшіліктің қатысуын қамтамасыз етуді сұрап өтініш бергеннен кейін судья тыңдауды кейінге жылжытқан. Адвокат өтінішінде сот процесіне деп бөлінген орынға журналистердің балығы симай қалғандықтан бұдан кеңірек заң беруді сұраған.

Сот тыңдауы басталар алдында Николай Семена БАҚ өкілдеріне өзіне тағылған айыптарды мойындамайтыны туралы мәлімдеген.

Семенаның үстінен қылмыстық іс былтыр көктемде қозғалған, тергеу орындары журналист Киевтің Қырымға блокада салғаны туралы мақаласында Ресей заңын бұзған деген айып таққан. Николай Семена өз материалдарында «ой-пікірін еркін білдіру» құқығын пайдаланғанын айтады.

XS
SM
MD
LG