Accessibility links

Ресейде екі полицейге "адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды


Ресейлік жол-патруль қызметкері. (Көрнекі сурет.)
Ресейлік жол-патруль қызметкері. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Пятигорск қаласында екі жол-патруль қызметкерінің үстінен «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Полиция қызметкерлері наурыздың 18-і күні өздерінен қашқан автокөлік жүргізушісін ұстап алғаннан кейін ұрып өлтірген деген күдікпен тергеліп жатыр. 25 жастағы көлік жүргізушісі алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.

Ресейдің Ставрополь өлкесі бойынша тергеу комитеті басқармасының хабарлауынша, қашқын көлікті қууға қатысқан тағы екі жол-патруль қызметкеріне қатысты «қызмет өкілетін асыра пайдалану» бабы бойынша іс қозғалған. Күдіктілердің барлығы ұсталған.

XS
SM
MD
LG