Accessibility links

БАҚ: Ресейден күмәнді ақша шығаруға британ банктері қатысқан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейден күмәнді ақша шығарудың халықаралық схемасына қатысқан британдық бірқатар ірі қаржы мекемелері қатарында HSBC, Royal Bank of Scotland, Lloyds, Barclays, Coutts тәрізді танымал банктер де бар деп жазады Guardian. Банк құжаттары негізінде басылым жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша, бұл банктер арқылы кемінде 700 миллион доллар (20 миллиард рубль) аударылған.

Қазір тергеушілер «Ландромат» деген атауға ие болған бұл күмәнді қаржы операцияларына Ресейдің ықпалды саяси және дәулетті азаматтарынан кімдердің араласқанын анықтауға тырысып жатыр. Бұл операциялар аясында ақша Ресейден әуелі Молдова мен Латвияға шығарылып, кейін Ұлыбритания мен АҚШ-тың банк ұйымдарына аударылған. Reuters агенттігі мен «Новая газета» басылымы күмәнді ақшаның қайдан шыққанын зерттеуге Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі өкілдері кедергі жасамақшы болған деп жазады.

Бұл қаржы схемасы туралы көпшілікке 2014 жылы «Новая газета» басылымының коррупция және сыбайласқан қылмысты зерттеу орталығымен бірлесіп жүргізген зерттеуінен кейін белгілі болған еді.

Күмәнді операциялардың көмегімен 2011 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта Молдова соты шығарған шешімдерді орындауды желеу етіп Ресейден 22 миллиард доллар шығарылған деп саналады. Ресейден шығарылған ол қаржы әлемнің 96 еліндегі 732 банкке аударылған.

Сол кезден бері әлем бойынша қылмыстық істер қозғалып, ресейлік күмәнді қаржыны заңдастыруға қатысы бар кейбір еуропалық банктер лицензиядан айырылған немесе айыппұлдар салынған.

XS
SM
MD
LG