Қазақстанда шығыс халықтарының көктемгі ұлық мерекесі - Наурызды тойлау жалғасып жатыр.
Алматы мен Астанада, облыс және аудан орталықтарында мерекелік концерттік бағдарламалар, ұлттық ойын-сауық түрлері, спорттық жарыстар, азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылған.
Ежелгі салт-дәстүр бойынша, бұл күндері адамдар бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, осы мерекеге арнайы әзірленген Наурыз көжеден және өзге де ұлттық ас түрлерінен дәм татады.
Қазақстанда наурыз айының 21, 22 және 23-і күндері Наурыз мейрамы - ұлттық мереке болып белгіленген.
Биыл мейрам күндері апта ортасына дөп келгендіктен, үкімет дүйсенбінің жұмыс күнін өткен аптаға ауыстырып, Қазақстанда Наурыз мейрамында төрт күн демалыс жариялаған.