Accessibility links

CIT: Сирияда тағы 9 ресейлік сарбаз қаза тапты


Сирияда жүрген ресейлік сарбаздардың бірі. (Көрнекі сурет)

"Сирияда Ресейдің тағы тоғыз азаматы қаза тапты, олардың кемінде алтауы - "Вагнердің жеке әскери компаниясына" қарасты жалдамалы әскерлер" деп хабарлады Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу тобы мен РБК компаниясы.

Зерттеу авторлары дерегінше, 29 қаңтар мен 16 ақпан аралығында тоғыз адам (полковник Алексей Найнодин, прапорщик Александр Тычинин, аға сержант Дмитрий Маркелов, қатардағы жауынгерлер Константин Задорожный, Роман Руденко, Михаил Нефедов, Прокопий Соломонов, Александр Зангиев, Алексей Веселов) көз жұмған.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл дерекке қатысты мәлімет бермеді.

Кремль бұған дейін Сириядағы әскери операциясын бастағалы бері 28 адамы мерт болғанын растаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG