Accessibility links

Amnesty International: Бішкек тұтқындалған шерушілерді босатсын


Саяси құқық пен сөз еркіндігі шеруіне қатысушылар. Бішкек, 18 наурыз 2017 жыл.
Саяси құқық пен сөз еркіндігі шеруіне қатысушылар. Бішкек, 18 наурыз 2017 жыл.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы Бішкекті 18 наурызда өткен саяси құқық пен сөз еркіндігі шеруіне қатысқаны үшін тұтқындалған адамдарды босатуға шақырды. Ұйым сайтында 21 наурызда жарияланған мәлімдемеде "қырғыз билігі шеруге қатысқан бес адамды бес күнге әкімшілік қамаққа алу арқылы бейбіт жиын құқығын бұзды" деп жазылған.

"Бейбіт шеруге қатысушыларды ұстау, оларды әділетсіз соттау және бірнеше күнге қамауды биліктің қарсылыққа әдейі бөгет болып, еркін баспасөзге көрсеткен қысымға қарсы адамдардың үнін өшіру деп бағаламасқа лаж жоқ" деп мәлімдеді ұйымның Еуропа мен Орталық Азия жөніндегі директорының орынбасары Денис Кривошеев.

Бішкектің Свердлов аудандық соты Мәулен Асқарбеков, Айбек Мырза, Азамат Аттокуров, Расул Үмбеталиева және Мұхит есімді азаматтарды бес күнге қамаған. Қырғызстан ішкі істер министрлігінің өкілі Бақыт Сейітов ол азаматтардың "тәртіп бұзып, жолды жауып, полицияның бұйрығын орындамағандары үшін ұсталғанын" айтқан.

XS
SM
MD
LG