Accessibility links

Кейбір атыраулықтар Наурыз үйлеріне кіре алмады


Наурыз тойында "Аққу биін" орындаған қыздар тобы. Атырау, 22 наурыз 2017 жыл
Наурыз тойында "Аққу биін" орындаған қыздар тобы. Атырау, 22 наурыз 2017 жыл

22 наурызда Наурыз мерекесіне арнап Атыраудағы орталық Исатай- Махамбет алаңында ондағын киіз үй тігілді. Алтыбақан құрылып, тұрғындар ұлттық ойындарды тамашалады. Алаң ортасындағы сахнада концерт өтіп, облыс тұрғындарына арналып сауда-саттық та ұйымдастырылды.

Орталық алаңға жағалай Атыраудағы мұнай компаниялары киіз үйлерін тікті. Алайда қала тұрғындары мұнай компаниялары тіккен үйлерге кіріп, наурыз көже мен мерекелік дастарханнан дәм тата алмағандарына шағымданды.

- Міне, кірейік десек, ішке кіргізбейді. Бұл тек мұнай компаниясының қызметкеріне арналған деп тұр, - дейді "Ембімұнайгаз" компаниясы деп жазылған киіз үйге кіруге ұмтылған әйел.

Сыртқа қойылған күзет Азаттық тілшісінің "Бұл адамдарға неге ішке кіруге болмайды?" деген сауалына жауап бермеді.

Сыртта жиналған адамдар оның қасындағы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" деп жазылған киіз үйге де кіріп, дәм тата алмағандарына шағымданып, «Онда несіне үй құрды?» десіп тарқасты. Мұнай компаниялары бұл жағдай туралы ресми комментарий бермеді.

Атыраудағы Наурыз тойы туралы видео:

Атыраудағы Наурыз тойы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00

XS
SM
MD
LG