Accessibility links

Лондон шабуылы кезінде бес адам қаза тапты


Вестминстер көпірінде жараланған адамдар. Лондон, 22 наурыз 2017 жыл
Вестминстер көпірінде жараланған адамдар. Лондон, 22 наурыз 2017 жыл

Халықаралық БАҚ-тардың хабарлауынша, Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында жергілікті уақытпен түскі сағат 14.40-та белгісіз шабуылшы Вестминстер көпірінің бойында кем дегенде екі адамды жеңіл көлікпен қағып өлтіріп, 40 шақтысын жаралаған. Жарақат түскен және бір әйел кейін ауруханада көз жұмған. Бұдан соң шабуылшы парламент ғимаратының қоршауына барып соғылған. Көліктен түскен шабуылшы Кейт Палмер есімді 48 жастағы полиция офицерін пышақтап өлтірген соң сол жерде өзі полицейлердің қолынан оққа ұшқан. Шабуылшының аты-жөнін Скотленд-Ярд әлі жариялаған жоқ.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй шабуылды еркіндік, демократия мен сөз бостандығы құндылықтарына қол жұмсаған "жүрек айнытатын азғындық" деп сипаттады.

АҚШ, Франция мен Германия бастаған бірқатар дүние жүзі елдері терактіні айыптап, Ұлыбритания халқына көңіл білдірді.

XS
SM
MD
LG