Accessibility links

Лондон полициясы: Шабуылдың исламистік терроризмге қатысы бар


Жұрт Вестминстер көпірінде жараланған адамға көмектесіп жатыр. Лондон, 22 наурыз 2017 жыл.
Жұрт Вестминстер көпірінде жараланған адамға көмектесіп жатыр. Лондон, 22 наурыз 2017 жыл.

Лондонда 22 наурызда парламент ғимараты маңында болған шабуылдың исламистік терроризмге қатысы бар деп мәлімдеді Скотланд-Ярдтың терроризмге қарсы бөлімінің басшысы Марк Роули. Оның сөзінше, полиция шабуыл жасаған адамның аты-жөнін анықтаған, бірақ әзірше айтылмайды.

Лондонда наурыздың 22-сі күні күндіз көлікке мінген белгісіз біреу британ парламенті ғимараты қасындағы Вестминстер көпірінде бірнеше адамды басып өтіп, сол маңдағы Вестминстер сарайының қоршауына соғылған. Көліктен жүгіріп түскен ер адам өзін бөгемек болған қарусыз полиция қызметкерін пышақтаған. Оқиға орнына жеткен өзге полицейлер атып жаралған күдікті ауруханаға апара жатқанда қайтыс болған.

Соңғы дерекке қарағанда, кешегі шабуылдан бес емес, төрт адам (полицей Кит Палмер, 43 жастағы әйел мен 50-лер шамасындағы ер адам және шабуылдаушының өзі) қаза тапқан. Ауруханада жаралы 29 адам жатыр, олардың жетеуінің халі мүшкіл.

Лондондағы шабуылға байланысты сегіз адам тұтқындалды

Сәрсенбі күні үкіметтің төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің шұғыл отырысын өткізген Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй оны «жан түршігерлік және жексұрын шабуыл» деп атаған.

XS
SM
MD
LG