Accessibility links

ҚХА-ның кезекті сессиясы 26 сәуірге белгіленді


Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толуына орай өткен мерекелік шарада жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ақмола облысы, 16 наурыз 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толуына орай өткен мерекелік шарада жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ақмола облысы, 16 наурыз 2015 жыл (Көрнекі сурет).

26 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті (ҚХА) 25-сессиясы өтеді деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА сессиясын шақыру туралы жарлығы бүгін Ақорланың ресми сайтында жарияланды.

Сессия Бейбітшілік және келісім сарайында "Тұрақтылық, бірлік, келісім - модернизация негізі" деген тақырыппен өтеді. Президент кезекті сессияны ұйымдастыру шараларын үкіметке тапсырған.

ҚХА 1995 жылы құрылған. Ассамблея президент жанындағы кеңес беруші орган саналады және оны президент басқарады.

XS
SM
MD
LG