Accessibility links

Алматы облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты


Алматы облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Алматы облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Алматы облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты деп хабарлады облыстық ішкі істе департаменті. Полицияның ақпаратына қарағанда, жол апаты 24 наурызға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданының Қазақстан ауылы маңында, Алматы-Көкпек-Көктал жолының бойында болған.

Қаза тапқандар арасында балалар да бар, 2009 жылы туған бір бала тірі қалып, ауруханаға түскен. Полицияның мәліметінше, жол апатына байланысты "Көлік құралын басқарған адамның жолда жүру немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша тергеу басталып, сараптама тағайындалған.

XS
SM
MD
LG