Accessibility links

БАҚ: АҚШ Мәскеудегі Ауғанстан жайлы жиынға қатыспайды


Ауғанстан үкімет күштері мен "Талибан" арасындағы шайқас болып жатқан жерден әуеге көтерілген түтін. Кабул, 1 наурыз 2017 жыл.
Ауғанстан үкімет күштері мен "Талибан" арасындағы шайқас болып жатқан жерден әуеге көтерілген түтін. Кабул, 1 наурыз 2017 жыл.

АҚШ Ресей астанасында сәуірдің 14-і күні басталатын Ауғанстан жөніндегі конференцияға қатысудан бас тартқан деп хабарлайды АҚШ мемлекеттік департаментінің аты-жөні аталмаған қызметкеріне сілтеме жасап Associated Press.

Агенттік әңгімелескен ол адамның айтуынша, аталған конференция жөнінде Мәскеудің Вашингтонмен алдын ала кеңеспеуі және жиынның мақсаты туралы әлі күнге ештеңе белгісіз болғандықтан осындай шешім қабылданған.

Мәскеудегі конференцияға Ауғанстан, Пәкістан, Иран, Үндістен және Орталық Азиядағы постсоветтік кей мемлекеттер өкілдері шақырылған.

Бұған дейін Мәскеу «Ресей Ауғанстанның оңтүстігіндегі «Талибан» қозғалысына қару-жарақпен көмектескен» деген айыптауды жоққа шығарған. Ондай мәлімдемені наурыздың 23-і күні Еуропадағы НАТО күштері қолбасшысы, АҚШ генералы Кертис Скапарротти жасаған.

Сол күні Ауғанстанның Гильменд уәлаятында үкімет күштері екі ай бойы бермей ұстаған және америкалық әскердің көмегімен түгелге дерлік қиратқан маңызды стратегиялық нысанды Талибан қозғалысы бақылауына алғаны мәлім болған еді.

XS
SM
MD
LG