Accessibility links

Беларусь оппозиционері Николай Некляев ұсталған


Беларусь оппозициясы жетекшісі Владимир Некляев (оң жақтан екінші) Польша сейміндегі жиында сөйлеп тұр. Варшава, 23 наурыз 2017 жыл.
Беларусь оппозициясы жетекшісі Владимир Некляев (оң жақтан екінші) Польша сейміндегі жиында сөйлеп тұр. Варшава, 23 наурыз 2017 жыл.

Беларусь елінде «арамтамақтық» туралы заңға қарсы жаппай акцияға белсене қатысқан оппозиция жетекшісі әрі президенттікке экс-кандидат Владимир Некляевті билік өкілдері Польшадан қайтып келе жатқан кезде ұстаған. Ол Варшавада поляк сеймінде өткен жиынға қатысқан.

Владимир Некляев Беларусь социал-демократиялық партия жетекшісі, президенттікке экс-кандидат Николай Статкевичпен бірге елде "Ерік күні" атап өтілетін наурыздың 25-і күні жаппай наразылық шеруіне шықпақшы болған. Ол жұртшылықты президент Александр Лукашенко үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатына наразылық білдіруге шақырған.

Мұның алдында наурыздың 17-і «арамтамақтық» туралы заңға жаппай наразылық акциясына қатысқаны үшін Некляев наурыздың 24-і күні сотқа жауап беруі тиіс болатын. Саясаткердің өзі келмегендіктен сот ісін қарау кейінге қалдырылған.

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко елде «қарулы арандатуға дайындалған ондаған адам ұсталғанын» мәлімдеп, батыс мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен «батыс қорларын» Беларусь еліндегі «бесінші колоннаға» басшылық жасап, қаржыландыру арқылы «жағдайды ушықтыруға тырысып отыр» деп айыптаған.

Беларусьте жұмыссыз азаматтарды мемлекетке салық төлеуді міндеттейтін «арамтамақтық» туралы заңға қарсылық шерулері ақпан айынан бері жалғасып келеді. Билік әуелде наразылық шерулеріне төзімділік танытқанымен, көп ұзамай оған қатысқан кейбір белсенділер мен журналистерді ұстай бастаған.

Беларусь оппозициясы наурыздың 25-і күні елде жаппай наразылық акциясына шығуды жоспарлаған.

XS
SM
MD
LG