Accessibility links

Лондонда Brexit-ке қарсы шеруге мыңдаған адам қатысты


Ұлыбритания туы мен мұнараға орнатылған "Биг Бен" сағаты. (Көрнекі сурет.)
Ұлыбритания туы мен мұнараға орнатылған "Биг Бен" сағаты. (Көрнекі сурет.)

Сенбі күні Лондонда Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуына қарсы шеру өтті. Он мыңдаған адам қатысқан шеруде үкіметті Еуроодақ құрамынан шығу (Brexit) процедурасын бастамауға шақырған үндеулер айтылды. Британ премьер-министрі Тереза Мэй елдің Еуропа Одағы құрамынан шығатыны туралы ресми өтінішті наурыздың 29-ы күні бермекші.

«Еуропа үшін бірігейік» шеруі осыдан үш күн бұрын терактіден қаза тапқандарға гүлдер мен шырақтар қойылған парламенттің қауымдар палатасы ғимараты іргесінде аяқталды. Парламенттің қасында демонстранттар теракт құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сенбі күні Еуропа Одағына мүше 27 елдің жетекшілері Ұлыбританиясыз бірегей Еуропаның болашағы туралы Рим декларациясына қол қойған. Бұл рәсім Еуропалық экономикалық қауымдастық құру туралы Рим декларациясының қабылданғанына 60 жыл толуына орайластырылған болатын.

XS
SM
MD
LG