Accessibility links

АҚШ ресейлік кей кәсіпорындарға жаңа санкциялар енгізді


Ресейдегі ұшақ құрастыратын зауыт. (Көрнекі сурет.)
Ресейдегі ұшақ құрастыратын зауыт. (Көрнекі сурет.)

АҚШ мемлекеттік департаменті ресейлік кей оқу және қорғаныс кәсіпорындарына қарсы санкциялар енгізді деп хабарлайды ВВС телеарнасының Орыс қызметі. Санкциялар «Ресей қорғаныс экспорты», «Машина құрастыру конструкторлық бюросы» және 150-ші авиациялық жөндеу зауытына салынған.

Бұларға қоса Коломенск машина құрастыру конструкторлық бюросы, «Кунцево» конструкторлық бюросы, Тула құрал құрастыру конструкторлық бюросы және бірнеше қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарына да шектеулер енгізілген.

Сонымен бірге авиация саласына кадрлар дайындайтын оқу орындары: Ульяновск азаматтық авиация институты, Урал азаматтық авиация жаттықтыру орталығы мен Жуковский және Гагарин атындағы әскери-әуе академиялары санкцияға іліккен.

ВВС-дің мәліметі бойынша, жаңа санкциялар Ресейдің 2014 жылы Қырымды аннексиялауына байланысты емес, Мәскеудің Сирия, Иран және Солтүстік Кореяға технологиялар мен қару-жарақ бергені үшін салынған. АҚШ мемлекеттік департаменті ресейлік компаниялардың нақты қандай іс-әрекеті шектеуге себеп болғаны туралы ашып айтпаған.

XS
SM
MD
LG