Accessibility links

Бүгін Роуханидің Ресейге сапары басталады


Иран президенті Хассан Роухани (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі кезінде. Баку, 8 тамыз 2016 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі кезінде. Баку, 8 тамыз 2016 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани бүгін екі күндік сапармен Ресейге барады. Мұнда ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Бұл - Роуханидің 19 мамырда өтетін президент сайлауына дейін шетелге жасайтын соңғы сапары. Иранның мемлекеттік IRNA агенттігінің ақпаратына қарағанда, Роухани мен Путин бұған дейін сегіз рет кездескен.

Ресей билігінің ақпаратына қарағанда президенттер сауда, экономика және энергетика мәселелерін талқылайды. Кездесудің күн тәртібінде сонымен қатар геосаяси жағдайлар, Сириядағы соғыс пен Таяу Шығыстағы басқа да қақтығыстарды талқылау тұр. Ресей де, Иран да Сириядағы алты жылға созылған азаматтық соғыста президент Башар Асадтың билігін қолдайды. Роухани сапарын Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесуінен бастайды.

XS
SM
MD
LG