Accessibility links

АҚШ пен бірнеше ел ядролық қаруға тыйым салуға қарсы шықты


Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты уәкілі.
Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты уәкілі.

АҚШ пен Батыстың жетекші елдері БҰҰ Бас ассамблеясының ядролық қаруға тыйым салу туралы қарары бойынша басталған талқылауына байкот жариялауға шақырды.

"Ана және қыз баласы ретінде мен үшін ядролық қарусыз әлемнен артық қалаулы ешнәрсе жоқ. Бірақ біз реалист болуымыз керек. Солтүстік Корея БҰҰ-ның пәрменімен ядролық қарудан бас тартады дегенге кім сенеді?" деді АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты уәкілі Никки Хейли.

Алғаш болып ядролық қаруға тыйым салуды талқылауға 30 мемлекет, соның ішінде Ресей мен Қытай байкот жариялаған. Ресей мен АҚШ бұл мәселенің Бас ассамблеяның күн тәртібіне шығарылуына қарсы дауыс беріп, Қытай қалыс қалған.

Ядролық қаруға тыйым салуды 100-ден астам мемлекет қолдайды және олар тыйым салатын құжатты биылдың өзінде қабылдап тастаудан үмітті. Ядролық қаруға тыйым салуды БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш, Рим Папасы Франциск, ондаған гуманитарлық ұйым қолдайды. Ядролық қаруға тыйым салу мүмкін дейтін қарсы тарап ядролық қаруды таратпаудың бұрынғыдан да тиімді жүйесін жасауға шақырады.

XS
SM
MD
LG