Accessibility links

Сағадиев: Мектепте ағылшын тіліндегі сабақтар ерікті түрде оқытылады


Ерлан Сағадиев, білім және ғылым министрі.

Қазақстан мектептерінде ағылшын тіліндегі сабақтар ерікті түрде оқытылады деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Informburo.kz сайтының хабарлауынша, Сағадиев бұл туралы Алматыда педагогтармен кездесуінде айтқан.

Министрдің сөзінше, қазір 120-дан астам мектепте 2700 мұғалім ағылшын тілінде оқытады, ал биыл күзде жүздеген сыныптар ағылшын тілінде оқуға көшеді. Ағылшын тілінде оқыту ерікті түрде, ата-ананың жазбаша келісімі арқылы жүргізілмек. Ал қазақ тілінде оқыту басым бағыт болып қала бермек.

Сағадиев осыған орай биылдан бастап бес мыңнан астам мұғалімді 9 айға дейінгі мерзімге мектептен тереңдетілген тыс тіл курстарына оқыту ұйымдастырылатынын айтады. Төрт пәнді ағылшын тілнде өткізу жүйесіне түпкілікті көшу мерзімі мен оның кестесі 2018 жылдың соңында жарияланбақ.

Қазақстанда 2018 жылдан бастап барлық мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін алтыншы сыныптан бастап тек қазақ тілінде, ал «Дүниежүзі тарихын» - орыс тілінде оқыту жоспарланып отыр. Сонымен бірге 2019 жылдан бастап жоғары сынып оқушылары жаратылыстану пәндерін тек ағылшын тілінде меңгеретін болады деп хабарланған. Ал 2022 жылдан бастап толығымен көптілді білім беру жүйесіне ауысу жоспарланған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG