Accessibility links

Қазақстанның ЕАЭО-ға экспорты 2016 жылы 23,5 пайызға азайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанның Еуразия экономиклық одағы (ЕАЭО) елдеріне экспорты көлемі азайып жатыр. Бұл туралы бүгін іскерлік-сараптамалық Finprom.kz сайты жариялаған Қазақстан ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметтерінде айтылады.

Қазақстан 2016 жылы ЕАЭО елдеріне 3,9 миллиард доллардың тауары мен өнімін экспорттаған, бұл сан 2015 жылғы көрсеткіштен 23,5 пайызға аз. Қазақстанның импорт көлемі де 13,7 пайызға (9,7 миллиард долларға) зайған. Finprom.kz зерттеуінде cоған қарамастан ЕАЭО елдерінен импортталатын тауар көлемі одақ елдеріне экспортталатын тауардан бәрібір көп дейді.

Қазақстандық өнімдердің бағасы ЕАЭО-дағы серіктестер үшін төмендетілгеніне қарамастан Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты бір жылда 23,5 пайызға азайған.

Зерттеу авторларының ұйғарымынша, Қазақстан экспорттайтын тауарлар бағаларының төмендеуіне теңгенің валютаға шаққандағы бағамының тиімді деңгейде болуы әсер еткен. 2015 жылы тамызда билік теңге бағамын белгіленген деңгейде ұстап тұру саясатынан бас тартып, еркіндікке жіберген соң теңгенің долларға шаққандағы бағамы екі есеге жуық құлдыраған.

ЕАЭО қатарында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей бар.

Зерттеу авторларының айтуынша, статистика теңге бағамын "еркін айналымға жіберу" жағдайында сауда-саттық күткендегі нәтиже бермегенін көрсетеді. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ЕАЭО елдеріне экспортталатын дайын тауарлардың бағалары 2015 жылғы бағадан бір пайызға төмен, шикізат бағасы сегіз пайызға төмен болған. Бірақ ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импортталатын тауарлардың бағалары барлық сегіз категория бойынша қымбаттаған. Бір жылда шикізат бағасы 14,7 пайызға, жартылай дайын өнім бағасы 9,5 пайызға, дайын тауарлардың бағасы 14 пайызға қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG