Accessibility links

Мәскеуде 26 наурыздағы акцияда ұсталғандардың соты жалғасты


Полиция қарсылық акцияларына қатысушыларды ұстап әкетіп барады. Мәскеу, 26 наурыз 2017 жыл.
Полиция қарсылық акцияларына қатысушыларды ұстап әкетіп барады. Мәскеу, 26 наурыз 2017 жыл.

Ресей соттарында 26 наурыздағы коррупцияға қарсы акциялар барысында ұсталғандарға қатысты сот процестері жалғасып жатыр. Мәскеуде со 11-полиция өлімшесінде екі тәулік отырғандардың ісін қарап жатыр. "ОВД-Инфо" сайтының мәліметінше, бұл іс бойынша кем дегенде 70 адам сотқа тартылып жатыр. Оларға қатысты әкімшілік қамауға алуды қарастыратын құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылған.

Симонов аудандық соты бүгін оппозициялық саясаткер Алексей Навльный басқаратын Коррупциямен күрес қорының қызметкері Руслан Аблякимовті жеті тәулікке қамады.

Кеше осы соты қордың 11 қызметкері мен акциядан онлайн-трансляция жасаған мамандарды қамауға алу шешімін шығарған. Навальныйдың өзі полиция қызметкерінің бұйрығына бағынбады деген айыппен 15 тәулікке қамалып, акцияны ұйымдастырды деген айыппен 20 мың рубль айыппұл салынған.

"ОВД-Инфо" сайтының хабарлауынша, Оңтүстік Сахалин соты рұқсат етілмеген акцияға қатысқан бір адамды ақтаған.

26 наурызда Ресейдің бірнеше қаласында өткен коррупцияға қарсылық акцияларына мыңдаған адам қатысқан. Көп қалалардағы билік рұқсат бермеген акциялар премьер-министр Дмитрий Медведевтің ықтимал коррупциялық қылмысқа қатысы бар деген ақпаратпен байланысты ұйымдастырылған. Наразылық шерулерінде ел көлемінде мыңнан астам адам ұсталды.

XS
SM
MD
LG