Accessibility links

АҚШ сенаты Черногорияның НАТО-ға кіруін қолдады


НАТО туы (Көрнекі сурет).
НАТО туы (Көрнекі сурет).

АҚШ сенаты Черногорияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін мақұлдады. Балқан түбегінде орналасқан Черногорияның құрамныда 28 мемлекет бар НАТО-ға мүше болуын сенат депутаттарының көпшілігі қолдады. Черногорияның өтінішіне қатысты дауыс беру енді Испания мен Нидерландыда да өтуі тиіс.

НАТО шекарасының Еуропаның шығысына қарай кеңеюіне қарсы Мәскеу Черногорияның альянс құрамына кіруіне наразы екенін мәлімдеген. Өткен жылы Черногорияда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болған. Черногория билігі төңкерісті елдің НАТО-ға кіруіне кедергі жасамақ болған Ресей ұйымдастырған деп санайды.

XS
SM
MD
LG