Accessibility links

Тиллерсон Брюссельде Ресейге қысымды күшейтуге шақырмақ


Рекс Тилерсон, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.

АҚШ билігінің жоғары шенді өкілі мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон 31 наурызда Брюссельде өтетін НАТО елдері сыртқы істер министрлерінің жиынында Ресейге "көршілеріне қарсы агрессиясына" және Мәскеудің Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі міндеттерін орындауына қатысты қысымды күшейтудің маңыздылығын талқылайтынын хабарлады. Мемлекеттік департамент өкілі бұл туралы 28 нурызда, Тиллерсонның сапарына бірер күн қалғанда журналистермен өткізген телефон конференциясында айтты.

Президент Дональд Трамптың 2016 жылы президент сайлауы кампаниясында НАТО-ны "ескірген ұйым" деп атағаны альянстағы одақтастардың алаңдаушылығын тудырған. Трамп ол кезде Вашингтон НАТО-ның қорғанысқа аз қаржы бөлетін елдеріне Ресей шабуыл жасаған жағдайда көмек көрсетпеуі мүмкін екенін де айтып қалған.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Тиллерсонның одақтастарды "НАТО-ның ортақ қорғанысына бөлетін қаржысын арттыруға ықпал ететінін" айтты. Трамп әкімшілігі НАТО мүшелерінен 2024 жылға дейін жыл сайынғы қорғанысқа бөлетін шығынын елдің жалпы ішкі өнім көлемінің 2 пайызына дейін жеткізуді талап етеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG