Accessibility links

Трамп Обаманың климаттың өзгеруімен күрес туралы жарлықтарын жойды


АҚШ президенті Дональд Трамп (ортада). Вашингтон, 24 наурыз 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (ортада). Вашингтон, 24 наурыз 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Барак Обаманың ғаламдық климаттың өзгеруімен күрес туралы жарлықтарының күшін жойды.

Обама жарлықтарының күшін жоятын жарлыққа қол қойған Трамп "көмірмен соғыс аяқталғанын" және бұл шара қуат көздерін өндірудегі "жаңа дәуірдің басталғанын" білдіреді. Жарлық АҚШ-тың федералдық территорияларында жаңа көмір разрездерін жалға алуға берілген мораторийді жояды және "Таза энергетика" жоспарын, көмір электр стнацияларынан парник газдарын шығаруды шектеу бастамаларын қайта қарауға рұқсат береді. Бұған дейін Трамп климаттың өзгеруін "Қытайдың мүддесін көздейтін алдау" деп атаған.

23 наурызда БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Бас ассамблея форумында "климаттың өзгеруі бұрын-соңды болмаған ауқымда жүріп жатыр және оның қатері артып барады" деп мәлімдеген. Оның сөзінше, "климаттың өзгеруі проблемасын шешу - үлкен мүмкіндік және оны қолдан жіберіп алуға болмайды". "Біз күмәнсіз уақыт өткізбей қазір және батыл түрде әрекет етуге тиіспіз" деді Гутерриш.

XS
SM
MD
LG