Accessibility links

Washington Post: Путин бойынша сарапшы Ақ үйге қызметке тұрады


Фиона Хилл, Вашингтондағы Брукинг зерттеу институтының ғылыми қызметкері.
Фиона Хилл, Вашингтондағы Брукинг зерттеу институтының ғылыми қызметкері.

The Washington Post басылымы Ресей бойынша сарапшы, Ресей президенті Владимир Путинге қатысты тақырыпты зерттеуші маман Фион Хиллдің Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесінде Еуропа және Ресей бойынша аға директор қызметін иеленетінін хабарлады. Басылым бұл туралы 28 наурызда жарияланған мақаласында аты-жөнін атамаған дереккөздеріне сілтеме жасайды. Ақ үй әзірге бұған қатысты комментарий бермеді. Наурыздың басында БАҚ президент Дональд Трамптың аталған қызметке Хиллді тағайындау жоспары барын хабарлаған. Бірақ ол расталмаған.

Хилл - Вашингтондағы зерттеу орталығы - Брукинг институтының ғылыми қызметкері. Ол 2006-2009 жылдары АҚШ-тың Ұлттық барлау кеңесінде Ресей және Еуразия мәселелері бойынша сарапшы ретінде жұмыс істеген. Ұлттық барлау кеңесі АҚШ-тың барлау ұйымдарына арналған ұзақ мерзімді стратегиялық талдау жасайды.

Хилл 2013 жылы шыққан және 2015 жылы қайта басылған "Мистер Путин: Кремльдегі арнайы агент" кітабы авторларының бірі. Кітапта ол Путиннің Ресейді және өз ұстанымын қорғау үшін бопсалау, қорқытып-үркіту, жазалау және шындықты көпе-көрінеу бұрмалауды пайдалануға дайын екенін айтады.

Дональд Трамп сайлау алды кампаниясында Путин туралы жылы пікір білдіріп, Ресеймен қарым-қатынасты жақсартудан үмітті екенін мәлімдеген. Бірақ Трамп қызметіне кіріскен соң Ақ үй әкімшілігінің жоғары шенді қызметкерлері Ресейге бірқатар қатаң ескертулер жасаған.

XS
SM
MD
LG