Accessibility links

Польшада 11 адамға "Освенцимді қорлады" деген айып тағылды


Полиция Освенцим қақпасы алдында акция өткізген адамды ұстап әкетіп барады. Польша, 24 наурыз 2017 жыл.
Полиция Освенцим қақпасы алдында акция өткізген адамды ұстап әкетіп барады. Польша, 24 наурыз 2017 жыл.

Польша прокуратурасы Освенцимдегі (Аушвиц) бұрынғы нацистік лагер жанында өткен аптада оғаш акция өткізген 11 адамға айып тақты. Бір топ жас лагер қақпасының алдында қойды бауыздап, "Махаббат" деген жазуы бар баннер іліп кеткен. Акцияны өткізгендер тырдай жалаңаш шешініп, бір-бірін шынжырмен таңып тастаған.

Аушвиц аймақтық прокурорының орынбасары Мариус Сломка 29 наурызда арасында Польшаның алты азаматы, Беларусьтің төрт азаматы және бір германиялыққа естелік орнын қорлады деп айыпталатынын мәлімдеді. Қойды бауыздаған беларусь азаматына сонымен қатар жануарлар құқығын бұзды деген айып та тағылған. Сломка айыпталушыларды әлемдегі соғысқа қарсы белсенділер деп атап, топтың акцияларын интернет арқылы ұйымдастырғанын айтады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер Освенцим лагерінде көпшілігі еврейлер, бір миллионнан астам адамды өлтірген.

XS
SM
MD
LG