Ресей президенті Владимир Путин мен премьер-министр Дмитрий Медведев және Ресей билігінің өзге де өкілдері Солтүстік Мұзды мұхиттағы Франц-Иосиф жері архипелагына барды. Сапардың мақсаты - Ресейдің Арктикадағы рөлін атап көрсету. Путин мен Медведев Александра аралына барып, ондағы совет кезеңінен қалған тонналаған қалдықтарды тазалау жұмыстарын тексерді.
Ауа-райының суықтығы мен күшті желге қарамастан Путин мен Медведев тазаланып қойған территорияны қарау үшін бақылау мұнарасына шықты. Оларды сапар барысында қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен президенттің қоршаған орта мәселелері бойынша көмекшісі Сергей Иванов бастап жүр.
Ресей таяуда мұнда әскери ұшақтардың ұшу-қону жолағын салуды аяқтап, архипелагта әскери база орналастыру ниеті барын мәлімдеген.