Accessibility links

АҚШ-та шіркеу көлігі мен жүк көлігі соқтығысып, 12 адам қаза тапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Техас штатының билігі штаттың оңтүстік-батысында шіркеу көлігі мен шағын жүк көлігінің соқтығысуынан кем дегенде 12 адам қаза тапқанын хабарлады.

Қоғамдық қауіпсіздік қызметінің шенеунігі Конрад Хейн 29 наурызда күндіз Сан Антонио қаласынан батысқа қарай 75 миль қашықтықта болған қайғылы оқиғадан үш адам жараланғанын айтты. Хейннің сөзінше, шіркеудің фургон көлігінде 14 адам, ал шағын жүк көлігінде жүргізуші ғана болған. Құрбандар арасында шағын жүк көлігі жүргізушісінің бар-жоғы белгісіз.

Шенеуніктер фургонда Нью-Браунфельс қаласының Бірінші баптист шіркеуінің діни қызметшілері болғанын айтады.

Шіркеу басшылығы қайғылы оқиға мен жарақат алғандар туралы әлі толық ешнәрсе білмейтінін, бірақ шіркеу қызметкерлерінің туыстарына көмек көрсетіп жатқанын айтты.

XS
SM
MD
LG