Accessibility links

Патриарх 20-ғасырдағы қайғылы оқиғаларға интеллигенцияны кінәлады


Патриарх Кирилл, Орыс православие шіркеуінің басшысы.
Патриарх Кирилл, Орыс православие шіркеуінің басшысы.

Орыс православие шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл Ресейдегі 20-ғасырдағы қайғы-қасіретке интеллигенцияны кінәлады.

Мәскеуде 29 наурызда Патриарх қамқоршылары палатасының кездесуінде сөйлеген Кирилл өткен ғасырдағы қырғын "интеллигенцияның діни сенімге, Құдайға, өз халқы мен еліне қарсы жасаған қылмысының органикалық нәтижесі" болғанын айтты. Патриарх сонымен қатар қазір Ресейдегі 1917 жылы монархияны құлатып, қазан айында төңкеріс нәтижесінде билікті большевиктер басып алған оқиғаларға қатысты "тарихи аргументтер соғысы жалғасып жатқанына өкінетінін айтты. "Бұл әртүрлі түсіндіру мен баяндаулардың жаңа азаматтық жанжалдарға арандатпауына қолдан келгеннің барлығын істеу керек" деді Кирилл.

Ақпан айында Кирилл патша өкіметін құлатқан 1917 жылғы оқиғаларды "үлкен қылмыс" деп атаған. "Бір ғасыр бұрын болған бұл жантүршігерлік оқиғалардан біз өте маңызды қорытынды жасауға тиіспіз: біз адамгершілікке сай істерімізбен өзміздің және ата-бабаларымыздың күнәларын өтеуіміз керек" деп мәлімдеген патриарх.

XS
SM
MD
LG