Accessibility links

Иванка Трамп Ақ үйге ресми түрде қызметке тұрды


Иванка Трамп, АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы.
Иванка Трамп, АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы.

АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп президенттің арнайы кеңесшісі қызметін ресми түрде иеленеді және қызметте мемлекеттік қызметкерге арналған этникалық нормаларға бағынады деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Мәлімдеме демократ сенаторлар өздерінің этикалық мәселелер жөніндегі федералдық басқармаға жолдаған хатын жариялаған соң бірнеше сағаттан кейін жасалды. Хатта сенаторлар президенттің бизнеспен айналысатын қызының кеңесші ретінде қызмет атқаруынан мүдделер қайшылығы туындауы мүмкін деп дабыл қаққан. Сенаторлар федерладық басқармадан президенттің қызы бизнес активтерін тәуелсіз басқаруға беруі тиіс пен әлде ол белгілі бір мемлекеттік қызметті атқармауы керек пе деп сұраған.

Иванка Трамп "барлық этикалық нормаларды" өз еркімен орындаса да мұндай сындарға жауап ретінде Трамп әкімшілігінде ресми қызметке тұруға шешім қабылдағанын мәлімдеді. Иванка Трамп қызметі үшін жалақы алмайды.

XS
SM
MD
LG