Accessibility links

Шымкентте тағы бір адам өз-өзін өртеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкенттегі Бозарық елдімекенінің тұрғыны денесіне бензин құйып, өзін-өзі өртеді. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бас маманы Спабек Жарқынбеков хабарлады.

Жарқынбековтың айтуынша, оқиға 29 наурыз кешкі сағат тоғыздар шамасында болған. "1979 жылы туған, әйелімен ұрысқан азамат денесіне бензин құйып, отжаққышпен өзін-өзі өртеп жіберген. Отты өшіремін деген оның балдызын да күйік шалған" дейді ол.

Өзін-өзі өртеген азаматтың денесінің 72 пайызын күйік шалған. "Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде жатыр" дейді Спабек Жарқынбеков. Ал өртті сөндіруге тырысқан 1997 жылы туған балдызының денесінің 12 пайызы күйген.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG