Ауа-райының қолайсыздығынан Ақтөбе облысының аумағындағы бірнеше жол жабылды деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Департамент мәліметіне қарағанда, Қарабұтақ-Қостанай, Ақтөбе-Орск, Ақтөбе-Қобда, Ақтөбе-Хромтау, Қандыағаш-Шалқар бағыттарындағы жолдар жабылған. Кешелі бері бұл жолдардың бойында қатты бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен.