Accessibility links

Демократтар Трамптың Әзербайжанмен ықтимал келісімін тексеруге шақырды


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ-тың Демократиялық партиясынан сайланған бір топ сенатор қаржы министрлігі мен прокуратурадан президент Дональд Трамптың Әзербайжанмен жасасқан ықтимал келісімдерін тергеуді сұрады. Конгресмендер бұл келісім АҚШ-тың Иранға салған санкциясын бұзуы мүмкін дейді.

Сенат мүшелерінің мәлімдеуінше, олардың алаңдауына New Yorker журналында жарияланған "Трамптың ең нашар келісімі" деп аталатын мақала себеп болған. Мақалада Трамптың компаниясының Әзербайжанның транспорт министрі және олигарх Зия Маммадовпен байланыстары туралы айтылады. Кейбір мәліметтер бойынша, Маммадов АҚШ терроризмді қолдайды деп санкция салған Иранның Ислам революциясын қорғау корпусымен байланыс орнатқан.

Сенаторлар Трамптың компаниясы Бакуде көп қабатты биік ғимаратты салу келісімінен бас тартқан дейді. Дегенмен, олардың пікірінше, "Trump Organization конгломератының қылмыстық жауапкершілігі туралы үлкен сауалдың басы ашық күйі қалып отыр".

Трамптың 1970 жылдардан бергі президенттер мен бұл қызметке кандидат болғандардан өзгешелігі, ол өзінің коммерциялық қызметін тоқтатудан бас тартпады немесе басқа адамға өткізіп бермеді. Ол сонымен қатар өзінің салыққа қатысты ақпаратын да жарияламады.

XS
SM
MD
LG