Accessibility links

Ақмола облысында жол апатында бірнеше көлік соқтығысты


Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Астана түбінде 30 наурызда оннан астам көлік соқтығысты. Полицияның ақпаратына қарағанда, жүк көлігі мен жеңіл көліктер Астанадан 40 километр қашықтықта, Қарағандыға баратын жолда соқтығысқан.

30 наурызда жергілікті БАҚ-тың оқиға орнынан таратқан видеосында аударылған жүк көлігі мен зақымданған жеңіл көліктер және фуралар көрінеді. 30 наурызда Ақмола мен Қарағанды облыстарында ауа-райының қолайсыздығынан жолдарда көріну нашарлаған. Полицияның мәліметінше, бұл жол апатында жиыны 15 көлік соқтығысқан. Жол апатынан ешкім зардап шеккен адам саны анықталып жатыр.

30 наурыз күні таңертеңнен бастап Қостанай облысы мен Ақтөбе облысының кейбір жолдарында да ауа-райының нашарлығынан көлік қозғалысы шектелген.

XS
SM
MD
LG