Accessibility links

Орыстың танымал ақыны Евгений Евтушенко 85 жасқа қараған шағында АҚШ-та дүниеден өтті. Бұл туралы ақынның досы Михаил Моргулиске сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады.

«Бес минут бұрын Евгений Александрович мәңгілік сапарға аттанды» деген Моргулис.

Ақынның мерейтойына арнап өткізілмек болған фестивальдың бас продюсері Сергей Винников Евтушенко өзін Переделкино кентіндегі Борис Пастернактың бейітінің қасына жерлеу туралы өсиет қалдырғанын айтқан.

Бұған дейін Евгений Евтушенко АҚШ-та ауруханаға ауыр халде түскені хабарланған.

2015 жылы Евтушенконың жүрегіне операция жасалып, кардиостимулятор орнатылған. Оған дейін 2013 жылы дәрігерлер ақынның оң аяғын кескен еді.

Ақын, прозашы, сценарист әрі актер ретінде танылған Евгений Евтушенко 150-ден аса кітап жазған, оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. 1963 жылы Евтушенконы Нобель әдебиет сыйлығына ұсынған.

1991 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған ақын Оклахома штатындағы Талса қаласында тұрды, сондағы жергілікті университетте дәріс берген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG