Accessibility links

Ереванда Азаттық журналисіне шабуыл жасалды


Еревандағы сайлау учаскесі. Армения, 2 сәуір 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Еревандағы сайлау учаскесі. Армения, 2 сәуір 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Ереванда парламент сайлауына дауыс беру басталғаннан бірнеше сағаттан соң Азаттықтың Армян редакциясының журналисті, алаяқтық туралы ақпаратты тексермек болған Сисак Габриелянге шабуыл жасалды. Габриелян Ереванның Конд ауданында биліктегі Армения республикашыл партиясының сайлауалды штабынан шығып бара жатқан, қолдарына ақша ұстаған бірнеше адамды көрген. Өздерінің кім екенін айтудан бас тартқан адамдар партия кеңсесіндегі штабтан шығып бара жатқандардың "сайлауға қатысқаны үшін пара" емес, "жалақысын алып бара жатқанын" мәлімдеген. Габриеляннің сөзінше, бұдан соң оны есіктен итеріп шығарып, дене жарақатын салған.

Бұған дейін Кондтағы партия кеңсесінен шығып бара жатқан адамдарды камераға түсіріп алған Arararnews.am ақпараттық сайтының журналисіне де шабуыл жасалған. Шабуылдаған адам оның видеокамерасын да тартып алған. Оқиғадан соң партия кандидаты Хакоб Бегларян ресми мәлімдеме жасап, партия кеңсесінде "адамдарды сатып алу әрекеттері" болғанын жоққа шығарды. Ол жанжалдың "кеңсе сыртында" және "журналистер мен оған қатысушылар арасында ғана болғанын" айтты.

XS
SM
MD
LG