Accessibility links

Путин бүгін Лукашенкомен кездеседі


Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін Санкт-Петербургте кездеседі. Соңғы уақытта екі ел арасында газ тасымалдау мен интеграция мәселелеріне қатысты жағдай шиеленісе бастаған. Соңғы айларда Лукашенко Ресейді бірнеше рет ашумен сынаған.

9 наурызда газ бағасына қатысты даудың жаңа ұштығы шыға бастаған соң Лукашенко өз елін "ешкім тізерлете алмайтынын" мәлімдеген. Бұдан бір ай бұрын ол Ресейді келісімді бұзып, көмірсутегі энергиясының маңызды тасымалдаушысы ретіндегі рөлін "алқымнан алу құралы" ретінде пайдаланды деп айыптаған.

Минскінің мәлімдеуінше, Мәскеу 2015 жылдың қаңтарында Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) құрылғаннан бері Беларуське сататын газының бағасын екі есеге қымбаттатқан. Лукашенко тіпті Минскінің Беларусьті НАТО-мен территориясындағы буферлік аймақ деп санайтын Ресеймен жақын қарым-қатынастан бас тарта алатынын ашық білдірген.

AzattyqTV

AzatNews 21.02.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:49 0:00
XS
SM
MD
LG