Accessibility links

Жоғарғы сот Бақытбек Есентаевтың үкімін қайта қараудан бас тартты


Баян Есентаева, тележүргізуші әрі продюсер.
Баян Есентаева, тележүргізуші әрі продюсер.

Қазақстан Жоғарғы соты қазақстандық белгілі тележүргізуші әрі продюсер Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қараудан бас тартты деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Бақытбек Есентаев өткен жылы қарашада Алматы облыстық сотының үкімімен зайыбын өлтірмек болды деген айыппен тоғыз жылға сотталған.

"Қазақстан Жоғарғы соты 29 наурызда адвокаты мен жәбірленуші Баян Есентаеваның шағымы бойынша Бақятбек Есентаевтың ісін қайта қараудан бас тартты" деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Бақытбек Есентаев 2016 жылы маусымда - Баян Есентаева денесіне түскен пышақ жарақаттарымен Талғар аудандық ауруханасына түскен соң ұсталған. Оны ауруханадан 10 күннен соң шығарған. Тергеушілер Бақытбек Есентаев жұбайына "қызғаныштан қол жұмсаған" дейді. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, отбасылық зорлық-зомбылық мәселесін талқылауға ұласқан.

Бұған дейін соңғы кезде ақпарат құралдары тегін Баян Мақсатқызы деп өзгертті деген Баян Есентаева сотта күйеуін кешіретінін мәлімдеп, судьядан бас бостандығымен байланысты емес жаза кесуді сұраған. Бұл іс бойынша сотты алқа билер жабық түрде қараған.

XS
SM
MD
LG