Accessibility links

Эмомали Рахмонның ұлы Душанбе мәжілісінің депутаты болды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) мен оның ұлы Рустам Эмомали.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) мен оның ұлы Рустам Эмомали.

Душанбе мэрінің міндетін атқарушы, Тәжікстан президентінің үлкен ұлы Эмомали Рахмон Душанбе халық депутаттары мәжілісіне аралық сайлауда жеңіске жетті.

Душанбе қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Абдулло Холиков бүгін 2 сәуірде №25 сайлау округінде өткен сайлауда Рустам Эмомалидің 84,80 пайыз дауыс жинағанын мәлімдеді.

Рустам Эмомалидің Душанбе депутаттығына сайлаудағы жеңісінен соң президент Эмомали Рахмон ұлының Душанбе мэрі болып толыққанды тағайындалғаны туралы жарлыққа қол қоюы тиіс.

Эмомали Рахмон 12 қаңтарда Душанбені соңғы 20 жыл бойы басқарған Махмадсаид Убайдуллоевті қызметтен кетіріп, өз ұлын мэр міндетін атқарушы етіп тағайындаған. Рустам Эмомали тағайындалғанға дейін кеден комитетін және Тәжікстанның коррупцияға қарсы қызметін басқарған.

Рахмон 15 ақпанда қала активімен кездесуде ұлына қаланы қалай басқару және адамдармен қалай қарым-қатынас жасаудың бес түрлі кеңесін ұсынған.

XS
SM
MD
LG