Accessibility links

Мирзияев бүгін Ресейге сапарын бастайды


Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.
Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 4-5 сәуірде Ресейге сапарлап барады. Мирзияев сапары барысында Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі. Мирзияев Өзбекстан президенті ретінде Ресейге бірінші рет сапарлап бара жатыр.

Путин Мирзияевпен өткен жылы қыркүйекте Өзбекстанға бұрынғы президент Ислам Каримов қайтыс болған соң барған. Путин ол кезде Самарқанда Каримовтың зиратында болған.

Ресейлік ақпарат агенттіктері 3 сәуірде Шавкат Мирзияевтің Ресеймен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялағанын хабарлады.

Мирзияев президент ретіндегі шетелге алғашқы сапарын наурызда Түркіменстанғға барудан бастаған. Ол 22-23 наурызда Қазақстанға сапарлаған.

XS
SM
MD
LG