Accessibility links

Денесіне бензин құйып, өз-өзін өртеген Шымкенттегі Бозарық елді мекенінің тұрғыны қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облысы ауруханасының жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бөлім меңгерушісі Икрам Төлеев хабарлады.

"Денесінің 72 пайызын күйік шалып ауруханаға түскен Бозарық елді мекенінің тұрғыны кеше кешкі сағат 23:00-де жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның денесін туыстары алып кетті" дейді Икрам Төлеев.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті 29 наурыз кешкі сағат тоғыздар шамасында 1979 жылы туған, әйелімен ұрысқан азаматтың денесіне бензин құйып, отжаққышпен өз-өзін өртегенін хабарлаған.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG