Accessibility links

Ердоған: Түркия Сирияда "жаңа операцияға" дайындалып жатыр


Режеп Ердоған, Түркия президенті.
Режеп Ердоған, Түркия президенті.

Түркия президенті Режеп Ердоған Анкара биыл көктемде Сириядағы "террористік" топтарға қарсы жаңа әскери операция бастауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Түркия өткен аптада Сирияның солтүстігінде "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мен Түркиямен шекаралас аудандарда әрекет ететін күрд көтерілісшілеріне қарсы "Евфрат қалқаны" әскери операциясының аяқталғанын жариялаған. Бұл операция өткен жылы тамызда басталған болатын.

Ердоған шекаралас аудандардағы операциялар "Күрдістан жұмысшы партиясы" (PKK) сияқты тыйым салынған құрылымдар мен "Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтары" деп аталатын күрдтердің әскериленген құрылымдарына (YPG) қарсы бағытталатынын айтты. YPG АҚШ-тың Сириядағы ИМ--мен күресіндегі одақтасы саналады, бірақ Түркия оны террористік ұйым санайды әрі оларды PKK-ның сириялық бөлімшесі деп біледі.

"Біз террористерге жету үшін басқа да аймақтарда жаңа операцияларға дайындалып жатырмыз" деді Ердоған. Бірақ ол жаңа операцияның нақты қай жерде жүргізілетінін айтпады. АҚШ-тың Түркиямен бірге ИМ-нің Сириядағы тірегі - Ракка қаласын қайтарып алу операциясы Вашингтонның YPG жасақтарын қолдауына байланысты іске аспай қалған.

XS
SM
MD
LG