Accessibility links

Венгрияда Сорос құрған университетке қатысты заң жобасы мақұлданды


Будапештегі Орталық Еуропа университеті.
Будапештегі Орталық Еуропа университеті.

Венгрия парламенті америкалық миллиардер Джордж Сорос құрған белгілі Орталық Еуропа университетін (ОЕУ) елден кетуге мәжбүрлейтін заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы бойынша, Венгрияда жұмыс істейтін шетел жоғары оқу орындарында кампус пен өз елдеріндегідей оқу бағдарламалары болуы тиіс. Заң жобасын сынайтындар заңға енгізілетін өзгеріс Будапештегі ОЕУ-ге қарсы бағытталған деген пікірді ұстанады.

Ұлтшыл премьер-министр Виктор Орбан үкіметі бұл университетті елдегі либералдық оппозицияның бастионы деп санайды. Венгрияның гуманитарлық мәселелер жөніндегі министрі Золтан Балог депутаттарға Соростың ұйымын "жалған азаматтық агент-ұйым" деп атады. Ол сонымен қатар "Біз мұндай кез-келген қызметке тыйым саламыз" деді.

Заң жобасы мақұлданған соң оған қарсы мыңдаған адам наразылық акциясына шықты. Мыңдаған студент, университет қызметкерлері мен олардың жақтастары университет ғимаратын шеңбер жасап қоршап тұрды.

Заң жобасы бойынша, ОЕУ 2018 жылдан бастап студент қабылдауды тоқтатып, 2021 жылға қарай жабылуы тиіс болады. АҚШ-тың Будапештегі елшілігінің өкілі Вашингтонның "ОЕУ-ға қарсы заңның жедел қабылданғанынан" көңілі қалғанын мәлімдеді.

Қазір ОЕУ-да 100-ден астам мемлекеттен 1400-ден астам студент оқиды.

XS
SM
MD
LG