Accessibility links

Павлодарда антитеррорлық жаттығу өтті


Павлодар облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Павлодар облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Павлодарда бүгін антитеррорлық жаттығу өтіп, Естай атындағы мәдениет сарайы біраз уақытқа қоршалды. Қалада сарай мен оған жапсарлас территорияларға кіретін жолдар уақытша жабылды. Антитеррорлық штабтың ақпаратына қарағанда, жаттығу "терроризм актісінің алдын алу және оның салдарын жою" үшін өткізілді. Терроризммен күрес жедел штабының хабарлауынша, жаттығу сәтті өтті.

Қазақстан қалаларында антитеррорлық жаттығулар өткен жылдың күзінен өткізіліп жатыр. Жаттығулар кезінде қоғамдық орындарға кіру қиындап, кейбір жол бөліктері жабылған.

Антитеррорлық жаттығу 2016 жылы маусымда Ақтөбеде екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге қарулы шабуыл жасалып, жеті адам қаза тапқан соң көбейген. Биліктің мәлімдеуінше, терактілерді "радикалдық дәстүрлі емес діни ағым өкілдері" жасаған.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылы 28 қарашада қарулы шабуылға қатысты айыпталған 29 адамның жетеуіне өмір бойы түрмеде отыру жазасын кескен.

XS
SM
MD
LG