Accessibility links

Ирак: Тикритте ИМ шабуылынан 30-дан аса адам өлген


Ирак қауіпсіздік күштері Тикрит қаласында шабуыл болған жерде тұр. 6 қараша 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Ирак қауіпсіздік күштері Тикрит қаласында шабуыл болған жерде тұр. 6 қараша 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ирак астанасы Бағдаттан солтүстікке қарай 175 шақырымда орналасқан Тикрит қаласында «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы содырлары шабуылынан кемінде 31 адам қаза тауып, 40 адам жараланған деп хабарлады батыс ақпарат құралдары.

Ирак полициясы полковнигі Халид Махмудтың сәрсенбі күні мәлімдеуінше, полицияның киімін киіп, көлігіне мінген оншақты содыр қалаға түн жамылып енген. Олар қаладағы полицияның тосқауыл бекетіне шабуыл жасаған, сонымен бірге жергілікті полиция офицерін оның үйінде отбасының төрт мүшесімен бірге өлтірген.

Тикриттегі аурухананың бас дәрігері Наврал Мустафаның айтуынша, ауруханаға 31 адамның денесі жеткізілген, оның 14-і – полиция қызметкерлері.

Тикриттегі шабуыл Ирак армиясы елдің солтүстігінде радикалды экстремистік топтың соңғы тірегі болып келген Мосул қаласын ИМ-нан азат ету үшін көлемді әскери операция жүргізіп жатқан кезде жасалып отыр.

XS
SM
MD
LG