Accessibility links

Назарбаев экологиялық заңға енгізілген түзетулерді бекітті


"Протон" зымыран тасығышы құлаған жер. Қызылорда облысы, 31 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)
"Протон" зымыран тасығышы құлаған жер. Қызылорда облысы, 31 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев экологиялоқ кодекске толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Заң жобасын әзірлеушілердің сөзінше, экологиялық кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу «табиғи ресуртарды дұрыс пайдалану үшін тиімді заң базасын қалыптастыру» мақсатын көздейді. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Үкімет ұсынған заң өзгертулеріне мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижесі бойынша қауіпті деп таныған жекелеген технологияларды, сонымен бірге амортизациялық мерзімі біткен техникалар мен құралдарды елге енгізуге тыйым салу қарастырылған. Сонымен бірге заңда тұрмыстық қатты қалдықтарды алдын ала қайта өңдемей полигондарға қабылдау және көмуге тыйым салатын заң ережелерін қолданысқа енгізу мерзімдері өзгертілетіні айтылған.

XS
SM
MD
LG