Accessibility links

ХОК тағы үш спортшыны медалінен айырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2008 және 2012 жылғы олимпиадаларда жүлде алған тағы үш атлетті екінші қайтара жүргізілген тексеріс нәтижесінде сынамаларынан тыйым салынған препараттар табылған соң медальдарынан айырды. 2008 жылы Пекин Олимпиадасында алтын алған Өзбекстан балуаны Артур Таймазов пен сол Олимпиадада қола алған украин балуаны Василий Федоршин жүлделерінен айырылды. 2012 жылы Лондонда күміс алған ресейлік ауыр атлет Светлана Царукаев те жүлдесінен айырылды.

Енді канадалық Кристин Жерар Лондон Олимпиадасының алтын жүлдегері атанды, себебі Қазақстан атынан жарысқа түскен Майя Манеза өткен жылы алтынынан айырылған. 2008 жылғы Олимпиадаға қатысқандардың арасынан 65 спортшының допинг қолданғаны анықталып, 45-і жүлдесінен айырылды. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан спортшылардың 45-інің көрсеткіші жарамсыз деп танылды, оның ішінде 20-сы жүлдесінен айырылды. ХОК спортшылардан алынған сынамаларды он жыл сақтайды. ХОК қазір 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиадаларда алынған мыңнан астам сынаманы екінші қайтара тексеріп жатыр.

XS
SM
MD
LG