Accessibility links

Путин мен Мирзияев 12 миллиард доллардың келісіміне қол қойды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде. Мәскеу, 5 сәуір 2017 жыл.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде. Мәскеу, 5 сәуір 2017 жыл.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ресейге екі күндік сапары барысында Мәскеу мен Ташкенттің 12 миллиард доллардың келісімшартына қол қойғанын мәлімдеді. "Біз 12 миллиард доллардың ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы бірнеше келісімге және 3,8 миллиард доллардың сауда келісімдеріне қол қойдық" деді Мирзияев Ресей президенті Владимир Путинмен баспасөз конференциясында.

Путин тараптардың өнеркәсіптегі ынтымақтастықты кеңейтуге және автомобиль, азаматтық авиация және фармацевтика салаларындағы ресейлік және өзбек компанияларының жобаларын қолдауға уағдаласқанын айтты. "Ресей Өзбекстаннан бес миллиард текше метр табиғи газ сатып алады" деді Путин. Оның сөзінше, "Газпром" мен "Лукойл" компаниялары Өзбекстанда көмірсутек шикізатын өндіруде ірі жобаларды іске асырып жатыр, ал "Силовые машины" компаниясы Өзбекстанның электр энергетикасы секторын модернизациялауға көмектесіп жатыр.

Мирзияев өткен жылы күзде экс-президент Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін билікке келгелі бері Ресейге бірінші рет ресми түрде сапарлап отыр.

XS
SM
MD
LG